Бұл — шаштың түйіндерін жазудан бастап, қиын стайлингті аяқтауға дейінгі жұмыстарда сіздің басты көмекшіңізге айналатын әмбебап щетка. Оның эргономикалық дизайны мен сапалы материалдары шебердің жұмысын жеңілдетіп, клиентке жайлылық сыйлайды.
Негізгі артықшылықтары:
4-і 1-де әмбебаптығы: Бір щетка төрт түрлі тапсырманы орындайды: ылғал және құрғақ шашты ұқыпты тарау, фенмен жылдам кептіру, шаш топтамаларын түзету және фиништік тегістеу.
Кез келген ұзындыққа қолайлы: Жұмыс бетінің арнайы өлшемі қысқа шаштарда да, иыққа дейінгі шаштарда да барынша тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Матовый сырғымайтын тұтқа: Тұтқаның матовый текстурасы мен резеңкеленген жабыны сенімді ұстауды қамтамасыз етеді. Тіпті қол ылғал болса немесе қолғаппен жұмыс істегенде де щетка қолдан сырғып кетпейді.
Ұқыпты әсер ету: Икемді жастықшасы (подушка) мен тегіс қылшықтары шаштың тартылуын азайтып, сынудан қорғайды. Сонымен қатар, бас терісіне жұмсақ массаж жасап, қан айналымын жақсартады.